Үш анықпен болашаққа

Пресс-служба     04 Dec,2019        

Экономика және құқық факультетінде «Үш анықпен болашаққа» атты әдеби панорамалық кеш өтті. Айта кетейік университетіміздің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» кітабы студенттерге тарту етілген болатын. Шараға 3-4 курс студенттері қатысып, кітаптың жауапты редакторы Арай Жүндібаевамен бірге «Үш анық» философиялық трактатын талдады.
«Кітапты оқу барысында кейбір жерлерін түсіну қиын болды. Ал, бүгін талдау арқылы көп нәрсені жеңіл түсіндік. Осындай мазмұнды кітапты бізге түсіндіруге барын салып жатқан ұстаздарымызға рахмет» дейді қатысушы студенттер.