Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш өтті

Пресс-служба     07 Oct,2019        

Шәкәрім университетінде ұстаздар күніне арналған «Ұстаздық еткен бір бақыт» атты мерекелік кеш өтті.

Университет ректоры Мейір Ғариполлаұлы ұстаздар қауымын төл мерекемен құттықтап, ұстаздықтың ұлағаттылық сатысына жеткен оқытушыларымызды «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапаттады.

Мерекелік кештің арнайы қонағы Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев және философия ғылымының докторы, профессор Ғарифолла Есім болды.

Ғарифолла Есім ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, Шәкәрім университетіне жаңа оқу жылында қабылданған жас педагогтарға ақ батасын берді.

Сондай-ақ жоғары кәсібилігі мен құзыреттілігі, адал еңбегі және педагогикалық қызметке шығармашылық көзқарасы үшін университетіміздің бірқатар оқытушылары құрмет грамотасымен марапатталды.