Ұстаздық еткен жалықпас…

Пресс-служба     30 Apr,2019        

Сәуір айының 29 жұлдызында Шәкәрім университетінде 1-мамыр бірлік күніне орайластырылған «Ұстаздық еткен жалықпас» кітабының тұсаукесері өтті. Шәкәрім университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған жинаққа – университет қабырғасында ұзақ жылдар еңбек етіп, шәкірттерінің білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашқан ардақты ұстаздардың еңбектері топтастырылды. Ардагерлер кеңесінің жетекшісі Есенжолов Ерғали Қабдоллаұлы көптеген жылдар бойы оқу ордасында қызмет жасаған ардагерлеріміз жайында мағлұмат жинап еңбекке енгізді. Кітаптың жарық көруіне 35 автор атсалысты. Жинақты шығару барысында бірі өзінің еңбек жолын еске алса, енді бірі өз педагогтары жайында жазды.

Айта кетейік 300-ге жуық ардагері бар университет құрамында 4 жоғары оқу орнының өзіндік тарихы мен ұстаздары бар.