“ҮЗДІК МАМАНДЫҚ – 2020″сайысы өтті

Пресс-служба     28 Oct,2019        

Шәкәрім университетінің  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінде “ҮЗДІК МАМАНДЫҚ – 2020″сайысы өтті.

Факультет белсенділері мен тапқырлары қатысқан сайыс тек өнер жағынан емес студенттердің интеллектуалды дәрежелері мен әр түрлі жағдайлардан қалай жол тауып шығып кете алатын тапқырлықтарын көрсетті.

Әр топтар жоғарғы деңгейде дайындалып, өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

▪ “Үздік мамандық – 2020” атағын – Автоматтандыру және басқару, АУ-901 тобы;

▪2-орынды Ақпараттық жүйелер, ИС-903тобы;

▪3-орынды Геодезия және картография, ГК-907 тобы иеленді.

▪Және инстаграм парақшасында өткен “Like time”-да Ақпараттық жүйелер, ИС-903 тобы көп дауып жинап, жеңімпаз болды.

«Сайыс болған соң бірі жеңіп, бірі жеңілетіні заңды құбылыс. Әйтпесе, біздің факультетіміздің барлық мамандықтары үздік» дейді ұйымдастырушылар.