Үздік практика жетекшісі мен практикант!!!

Пресс-служба     20 May,2019        

15 мамыр күні Шәкәрім университетінде Академиялық мәселелер жөніндегі Департаменттің ұйымдастыруымен профессорлық – оқытушылар құрамы мен студенттер арасында «Үздік практика жетекшісі мен практикант» атты университет ішілік  байқау өтті. Байқауға өздерінің жетекшілерімен бірге  университеттің 7 факультетінің студенттері қатысты.

«Байқаудың мақсаты кәсіптік практика жетекшілерінің үздік тәжірибелерін кеңінен тарату, өзіндік кәсіптік іс-әрекетке бейімделген дарынды студенттерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру» – деді академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің  директоры Сауле Тулеугалиева.

Жеті жұп бірінші сырттай кезеңнен (портфолио дайындау) және іштей  үш кезеңнен өтті. Бірінші турда қатысушылар өздерінің визиткалық карталарын ұсынды, мұнда қатысушылар өздерінің кәсіби ұстанымдарын және жеке қасиеттерін көрсетті. «Практика іс-әрекеті» атты екінші турда қатысушылар тәжірибе барысынан үзінділер көрсетті. Студенттер түрлі білім беру бағдарламаларын ұсынды, сондықтан конкурста ерекше презентациялар мен креативті тәсілдер көрсете білді. Үшінші турда қатысушылар «Менің практикалық стартаптарым: практикадағы бір күн» атты бейнероликтерін ұсынды, мұнда студенттер практикадағы бір күн қалай өтетінін, практикадан алған тәжірибесін: жаңа білім, білік, дағдылардын ұсынды.

Жанкүйерлерінің көмегін сезінген қатысушылар өздерінің кәсіби және шығармашылық белсенділігін көрсетіп байқау өте қызықты, көңілді өтті.

Барлық қатысушылар номинациялармен марапатталды, оларға грамота, алғыс хаттар және құнды сыйлықтар табысталды.

Байқаудың қорытындысы бойынша Экономика және құқық факультетінің командасы – Ибраева Алия Кабышевна және Махмудов Кайрат «Гран-при» иеленді және 2019 жылдың «Үздік практика жетекшісі мен практиканты» атанды.

         «Үздік таныстыру» номинациясын Шетел және орыс филологиясы факультетнің қатысушылары Дженбаева Куралай Берикбаевна және Құрманғалиева Жібек иеленді.

         «Үздік практика іс-әрекеті» номинациясы бойынша Аграрлық факультетінің қатысушылары Ахметжанов Оралгазы Нуранбасович және  Ахмадиева Айнур өте жақсы өнер көрсетіп жеңімпаз атынды.

         «Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша инженерлік-технологиялық факультетінің қатысушылары Тулеубекова Гулназ Керейбаевна және Сақпан Ақнұр ең үздік болып шықты.

Қазылар алқасының шақырылған мүшесі Измайлова Марина Васильевна, “Лесресурс” ЖШС Бас бухгалтері, конкурсқа қатысушылардың тынымсыз және ыждағатты дайындығын атап өтіп, өзінің оң көңіл-күйімен және өткізілетін конкурстың мазмұнымен қанағаттанушылығымен бөлісті, ол оқытушылардың кәсібилігін және студенттердің таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін жоғары бағалады.

Сондай-ақ, осы кісі өз бастамасымен көрермен көзайымы сыйлығын тағайындап, оны қазақ филологиясы факультетінің студенті Кыдырбаева Сандуғаш және шетел және орыс филологиясы факультетінің студенті  Құрманғалиева Жібекке табыс етті.

Сонымен қатар, Марина Васильевна болашақта өндіріс пен университет арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында, ауқымын кеңейтіп, практика жетекшісі –  практикант –  жұмыс беруші бірлесіп әрекет ететін конкурс ұйымдастыруға ұсыныс жасады.