Үздік студент атанды

Пресс-служба     13 Dec,2019        

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар факультетінің 4 курс студенті Қайратұлы Бекзат «Жылдың үздік студенті» номинациясын иеленді.

Айта кетейік, Тәуелсіздік күні қарсаңында «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» атты Семей қаласы әкімінің сыйлығын табыстауға арналған «Жыл таңдауы-2019» байқауы өткен болатын.

Үздік студент деп танылған Бекзат бүгін де «Қазақстан студенттер Альянсы» ұйымының Семей қалалық бөлімшесінің  көшбасшысы.Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Үздік студент ТМД 2019» байқауының жеңімпазы. Бекзатты кезекті жеңісімен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз!