«VEN BALY – 2019» байқауында бас жүлде иеленді

Пресс-служба     20 Nov,2019        

Шәкәрім университеті қалалық  «VEN BALY – 2019» байқауында жетінші жыл қатарынан бас жүлдені иеленді.

Вен балы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» РСҚ Семей қаласындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен және «Семей қалалысының Ішкі саясат бөлімі» ММ мен «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен 10-шы жыл дәстүрлі түрде өтіп отыр.

Шараға қаламыздың жоғары оқу орындары мен колледждерінен барлығы 200-ге жуық студент қатысты.

Кештің арнайы қонақтары қала әкімінің орынбасары Садырбаев Айдар Серікқазыұлы мен «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Президенті Түстікбаев Ілияс болды.

Шәкәрім университетінің намысын қорғаған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті , жаратылыстану-математика факультеті мен өнер және спорт факультеті белсенділері биыл да бас жүлдені қанжығасына байлады.
Екінші орынды Қазақ иннновациялық-гуманитарлық заң университеті иеленсе,
Үшінші орынды Семей медицина университеті иеленді.

Тартысты өткен додада университет командасы өздерінің ерен дайындықтарын көрсетіп, мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.