Визуализациялау студиясында

Пресс-служба     17 Jul,2019        

Оқуға жаңа тапсыруға келген талапкерге ақпаратты түсінікті етіп жеткізу басты міндет. Ал, қажет ақпаратты көзбен көру ерекше əсер сыйлайтыны анық. Осы орайда Аграрлық факультет талапкерлерге өздері жайлы ақпаратты көзбен көруге мүмкіндік беріп отыр.

Кəсіптік бағдар беру барысында мəліметтерді университеттің “Визуализациялау студиясында” бейнеролик түрінде көрсетіп, келушілер назарын аударды.

Заманауи технологиялармен жабдықталған жиналмалы шатырдың ішінде Аграрлық факультеттің мамандықтары жайлы ақпарат ұсынылады.

Ауыл шаруашылығы, аң аулау, орман ресурстары сынды айрықша мамандықтарға қызығушылық танытқан  талапкерлер бір жағы жаңаша технологияның ерекшелігіне таңданса, екінші жағынан қажет ақпаратты ерекше əсермен қабылдағандарын жеткізді.