Х-жазғы универсиада өтті

Пресс-служба     21 May,2019        

16-20  мамыр аралығында Шәкәрім университетінде әйелдер арасындағы футболдан Х-жазғы универсиада өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар қаламыздың екі спорт алаңында бақ сынасты. Университет намысын қорғаған қыздарымыз  лайықты ойын көрсетіп, жеңіске жетті. Екі орынды Қазақ ұлттық қыздар педогогикалық институты жеңіп алса, қола жүлдеге С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ие болды.

Сайысқа қатысушылар Білім және ғылым министрлігінің  дипломдарымен, медальдармен марапатталды.