Хабарландыру!!!

Пресс-служба     20 Mar,2019        

Cіздерді жыл сайынғы Университетіміздің  студенттер, магистранттар  арасында өтетін   «Ең үздік стартапжоба»    атты конкурсына  қатысуға шақырамыз.

          Бизнес-идеяларға  ұсынылатын бағыттар:

  • Оқу процесіндегі инновациялар;
  • Әлеуметтік және мәдени жобалар, студенттік  бизнес;
  • Технологиялар және өндіріс;
  • Аграрлық бизнес.

         Авторлар мен бизнес-идеяға қойылатын талаптар:

  • Авторлар  көтерген мәселесімен танысып, оны шешу жолдарын анық білуі тиіс;
  • Тақырып конкурстың бағыттарына сәйкес болуы қажет;
  • Ұсынылған бизнес-идея инновациялық сипатқа ие болуы керек.

Конкурстың мерзімдері:

 І-кезең, іріктеу – 2019-жылдың 3-сәуірі

           ІІ-кезең, ақтық сайыс – 2019-жылдың 5-сәуірі

       Өтетін мекен-жайы:   ИТФ, 218 каб. (9 корпус)

Стартап жоба конкурсынан ірітелген  стартап-жобалар 19-сәуірде Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының    ЖОО-ы арасынан өтетін «Demo Day» атты конкурсқа жолдама алып, өз прототипын қаржыландыруға немесе стартапына инвестиция тартуға мүмкіндік алады.

Өтініш 2019-жылдың  26-наурыздан 1 сәуірге  дейін қабылданады.

Конукурс жайлы толық ақпарат мына телефон: 8701-355-18-23(WhatsApp),   8747-453-95-13

  және   e-mail:  n.nurgaliyev@semgu.kz

   немесе  Физкультурная к-сі 4А,  №17 каб.,     «Франшиза және технология орталығы»

Конкурсқа қатысу өтінімдерін тіркеуге қойылатын талаптар
Конкурсқа қатысушылардың  жіберген жобалары қазақ немесе орыс тілінде жазылып, электрондық формат (doc.формат)  құжат түрінде жасалынып қабылданады,  онда келесі ақпараттар қамтылады:

  • Бас беті – Старт-ап жобаның атауы, конкурсқа қатысушының аты-жөні, факультет пен кафедраның атауы, оқу курсы, байланыс ақпараты (электрондық пошта, байланыс телефоны);
  • Жобаның тұжырымдамасы, әлеуметтік маңызы бар негіздеме, инновация, өзектілік;
  • Жобаның мақсаты мен тапсырмалары;
  • Бизнес-идеяның орны, кезеңдері және іске асыру мерзімі;
  • Бизнес-идеяның мазмұнын си
  • паттау (жұмыс түрлері, іске асыру тетігі, оқиғалар жоспар-кестесі)
  • Жобаны басқару сұлбасы;
  • Жобаны іске асыру үшін персонал (бизнес-идеялар);
  • Күтілетін нәтижелер, олардың әлеуметтік-экономикалық  тиімділігі
  • Жобаның қаржылық көрсеткіштерін есептеу. Жобаның бюджеті 5 миллион теңгеден аспауы тиіс. Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі 1-3 жылдан аспауы қажет;

Стартап жобаның мәтіні 30 беттен аспауы  керек Мәтін пішімі: Windows for Word,  Бет пішімі: A4. Өрістер: 20 мм – жоғарғы, оң, сол, төменгі. Қаріп: өлшемі (кегль) – 12; интервал – 1,5; тип – Times New Roman. Мәтінде суреттер, кестелер қолдануға болады.

Сараптама комиссиясы ұсынылған бизнес-идеяларды, егер олар жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, авторларға шолу жасамай-ақ, бас тартуға құқылы. Авторлар жобаны қабылданбағаны туралы хабардар болады.