Хабарландыру

Пресс-служба     12 Jan,2021        

Құрметті 1 курс студенттері, 2020-2021 оқу жылының 2 семестріндегі сабақтар аралас форматта өтетіндігін қуанышпен хабарлаймыз! Бұл сіздердің Университет қабырғасында өтетін сабақтарға тікелей қатысуларыңызға болатындығын білдіреді!

Сонымен, сіздердің назарларыңызға:

1) сабақтар 2021 жылдың 25 қаңтарында басталады;

2) дәрістер онлайн форматта;

3) семинарлар, практикалық және зертханалық сабақтар барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра дәстүрлі форматта ұйымдастырылады.

Сабақ кестесі ais.semgu.kz порталындағы жеке кабинетте қолжетімді болады.

  • Әлеуметтік арақашықтықты сақтау үшін орындардың жалпы саны азайтылды;
  • Жатақханалар студенттерді қабылдауға әзір.
  • Жатақханада интернетке қолжетімді компьютерлік сыныптар бар, бірақ сізге ыңғайлы болу үшін, мүмкіндігінше жеке ноутбук алып келулеріңіз қажет.