Халықаралық білім беру блендинг – коференциясы өтті

Пресс-служба     01 Nov,2019        

31 қазан күні Шәкәрім университетінде университеттің 85 жылдық мерейтойына орай «Білім-Еуроазиялық ынтымақтастықтың негізі» тақырыбында халықаралық білім беру блендинг(онлайн) – конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты   Еуроазия жоғары оқу орындарының білім беру және ғылыми құндылықтарын біріктіруге бағытталған халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

Конференцияға қала әкімі Ермак Сәлімов арнайы қатысып, университетті мерейлі мерекесімен құттықтады. 

Алғаш рет онлайн форматта өткізіліп отырған конференцияға —Дүниежүзілік ислам ғылым академиясы,Шэньчжэнь Университеті (Қытай),Лешно қаласындағы Яна Амос Коменский атындағы мемлекеттік жоғары кәсіптік білім беру мектебі (Польша) , Кьюнг донг университеті (Оңтүстік Корея), Швейцария экономика және менеджмент бойынша қолданбалы ғылымдар Жоғары мектебі (Швейцария),  Мәскеу мемлекеттік технологиялар және басқару университеті. К. Г. Разумовского (Ресей), Алтай мемлекеттік техникалық университеті И. И. Ползунова, (Ресей), Ташкент сәулет-құрылыс институты (Өзбекстан), М. В. Ломоносов атындағы ММУ Ташкент қаласындағы филиалы(Өзбекстан) қатысты.

Конференция үш бағыт бойынша өріс алды:

  • Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: білім және мәдениет этносаралық диалогтың даму факторы ретінде
  • Жаратылыстану және техникалық ғылымдар: XXI ғасырдың жаһандық сын-қатерлері жағдайындағы жаңа материалдар мен технологиялар
  • Аграрлық ғылымдар: агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту

Осы мәселелерді талқылауда жүзден астам ғалымдар мен  педагогтардың баяндамалары мен тезистері қабылданды

Университеттің басты миссиясы ағартушылық екенін әрдайым алға тартатын Қазақстан ғылым академиясының академигі, профессор Ғарифолла Есім де халықаралық онлайн коференцияға арнайы қатысып,қатысушыларға баяндамасын оқып, университетке деген ізгі тілегін жеткізді.

Конференция қорытындысы бойынша жаһандық сын-қатерді еңсеруге және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру үшін еуроазиялық білім беру және ғылыми ортаның әлеуетін біріктіріп, цифрландыру және ақпараттық технологияларды дамыту негізінде Еуразия елдерінде жоғары білім берудің қашықтықтан оқыту технологияларын дамыту мүмкіндіктерін кеңейту жобасы енгізілетін болады.

Блендинг форматында ұйымдастырылған конференция қатысушылар мен көрермендердің ұсынысы бойынша  алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.