Халықаралық чемпионатта ІІ орын

Пресс-служба     20 Dec,2019        

“Геодезия және құрылыс” кафедрасының  студенттері Челябинск қаласында өткен «Сенің әлемің- сенің жобаң»  халықаралық чемпионатына қатысты.

Университеттің 4 курс студенттері арасынан құрылған “New Wave” және “Future” командалары бірінші іріктеу турынан кейін онлайн лиганың финалдық турына өтті.

Студенттердің жобалық қызметте тәжірибе алуы мақсатында ұйымдастырылған чемпионат жастардың бизнес жобаларды жоспарлаудағы шығармашылық белсенділік пен тәжірибелік іс-әрекет дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.

Ақтық кезеңнің қорытындысы бойынша “New Wave” командасы “Визит карточкасы” байқауы бойынша ІІ орынға ие болды, сондай-ақ қос команда финалдық  дипломдармен марапатталды.