Халықаралық факультет күні

Пресс-служба     19 Jul,2019        

«Қос дипломды білім алу арқылы өзге елде болып, шет елдік достарыңды көбейтіп, олардың тілін, мәдениетін үйренгіңіз келеді ме? Олай болса SKACC халықаралық факультеті сізді күтеді!» Дәл осындай ұранмен бүгін Шәкәрім университетінде «Халықаралық факультет күні» өтті. Таңертеңнен басталған той – думан кешке дейін жалғасты. SKACC халықаралық факультеті туралы кең түрде ақпарат таратылып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Халықаралық жазғы лагер жетекшісі Мегуми Марута ұйымдастырушылық қасиетін танытып, көңілді күннің жүргізушісі болды. Ал, жазғы лагерден өтуге келген Кьюнгдонг университетінің студенттері Таэквондо спортының әдіс-тәсілдерін көрсетіп, К-РОР биін билеп, жиналған жұртшылыққа корей тілінде амандасу, алғыс айтуды үйретті.

Университет алдына жиналған талапкерлер мен студенттер ерекше көңіл-күйде, қызыға тарқасты. Осындай ерекше атмосферадан кейін факультетке қызығушылық танытқан талапкерлер қатары да артты.