ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ: ЖОЛДАУ ЖАНҒА ЖІГЕР СЫЙЛАЙДЫ

Пресс-служба     11 Oct,2018        

Говиндараж Бакирадж, Шәкәрім университеті Халықаралық факультетінің іскерлік әкімшілік ету (HR) бойынша оқытушысы, компьютерлік ғылымдар магистрі:

Қазақстанға келгеніме екі апта уақыт өтті. Ерекше толқыныс үстіндемін, қуаныштымын деп айтқым келеді. Жолдауды тыңдадым, қызығып кеткенім соншалық ағылшын тілінде толық нұсқасын оқып шықтым. Президент даму жолындағы мақсаттарды тамыршыдай дөп басқан. Атап айтар болсақ:

  1. Елдегі мектепке дейінгі, жоғары мектептегі білім беру сапасын арттыру. 2. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің әлеуетін дамыту. (Бұл импортты азайту арқылы жалпы экономикалық дамуға қол жеткізу) 3. Қоғамның өмір сүру деңгейін көтеретін мемлекеттік қаржыландырудың 1,5% ға артуы. 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес. Бұл көп елдерде  өте үлкен мәселе болып табылады. Күрес жалғаса беруі тиіс. Мен елден дамуды көремін. Мысалы, сіздерде инфрақұрылым  жақсы дамыған. Судың  сапасы жақсы, таза. Краннан ішуге жарамды, мөлдір су ағып тұр. Қазақстанды аралау барысында  жол қозғалысы ережелерінің жолға қойылғанын байқадым, әрі көшелеріңіз кең екен.  Электр жарығы   үздіксіз. Үкімет ұсынатын орталықтандырылған жылыту бар екен. Тек жылдың суық мезгілінде жылу бәріне бірдей жеткізілсе. Кез келген уақытта қол жетімді қоғамдық көлік, тұрақты автобус қатынасы қуантты. Тағы айтып өтерім университеттеріңіздегі білім беру жүйесі маған ұнады. Сұхбат үшін көп рахмет.

Хетиб  Мохамед, Шәкәрім университеті, Халықаралық факультетінің білімгері:

      Менің атым Хетиб Мохамед. Мен Алжир мемлекетінен келдім. Бұл менің Қазақ еліндегі екінші жылым. Құқықтық және әкімшілік ғылымдар саласында бакалавр дәрежесі бойынша білім алып, қазір іскерлік әкімшілік бакалаврында оқып жатырмын. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқына Жолдауын мұқият оқыдым және мемлекет басшысының болашақта өз халқының келісім мен гүлденуде өмір сүретінін қалайтынын ұғындым. Президенттің ойында отандастардың әл-ауқатына ерекше қамқорлық жасайтынынын атап өткім келеді. Жолдауға сәйкес, Қазақстан өз мақсатына нық қадам басып келе жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев мырза Қазақстан мен оның халқының игілігі үшін жұмыс істеуді жалғастырып келеді, Президент тек оң басымдықтарды айқындайды және олардың бірі – білім беру, елге, ең алдымен адамдарға қажетті құндылық.  Барша замандастарымның атынан Қазақстан 2050 жылға қарай дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктерінің негізінде берекелі қоғам құра алатынын зор сеніммен айтқым келеді.