Халықаралық конференция өз мәресіне жетті

Пресс-служба     17 Nov,2020        

Ағымдағы жылдың қараша айының 16 күні «ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференция белгілі профессор Белгібаев Мұхит Есенұлының 85 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылды.

Конференция тақырыптарында ХХІ ғасырдағы қоршаған ортаға адам ықпалының күшеюі салдарынан, сонын ішінде құрлықтарға өз әсерін тигізіп отырған климаттың жаһандық өзгеруімен байланысты тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, Жоғарғы оқу орындары және мектептердегі географиялық және экологиялық білім беру мәселелері жайлы баяндамалар жасалды.

Конференцияның  пленарлық мәжілісін университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы  алғы сөзімен ашты.

Пленарлық бөлімнің отырысында шетелдік ғалымдар құттықтау сөздерін сөйлеп, тақырыпқа қатысты баяндамаларын оқыды.

Танымал ғалымдардың қатарында:

Қазақстанның және шетелдердің ғалымдары қатысты, солардың ішінде география ғылымдарының докторы, Алтай мемлекеттік университетінің профессоры (Барнаул қ.), эрозиялық, арналық және сағалық процестер мәселелері бойынша жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-координациялық кеңестің мүшесі – Геннадий Яковлевич Барышников.

Мазбаев Орденбек Блисбекұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық университетінің география ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанда және Шетел елдерінде туризмді дамыту бойынша алғашқы және әйгілі ғалым. Ол 2011 жылдың қараша айында оңтүстік полюсті автокөлікпен барып зерттеуге арналған ғылыми экспедицияның мүшесі болды, Оңтүстік полюсті бағындырушы.

Нигматов Асқар Нигматтуллаұлы география ғылымдарының докторы, профессор. Жер ресурстары мен табиғатты қорғау бойынша 50-ге жуық монографиялары мен оқулықтары жарыққа шыққан Өзбекстанның атақты ғалымы.

Вейсов Сұлтан Керімұлы қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстары комитетінің флора және фауна шөлдер Ұлттық институтының жетекші зерттеушісі (Түркіменстан, Ашхабад қаласы).

Жинаққа енген ғылыми мақалалар Ресей, Украина, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің және алыс шетелден Германия, Түркия, Үндістан, Эквадор елдері өкілдерінің конференция жұмысына белсене қатысқанын көрсетті.