Халықаралық жазғы лагер өз мәресіне жетті

Пресс-служба     12 Aug,2019        

Бүгін халықаралық жазғы лагер өз мәресіне жетті. Американың Уэст Либерти университетінің кафедра ассистенті Мегуми Марутаның  жетекшілігімен өткен лагерде халықаралық факультет студенттері мен талапкерлері жазғы демалысын тиімді өткізді. Лагер тәрбиеленушілері ағылшын тілін толық жетілдірді десе де болады, себебі лагерде барлығы ағылшын тілінде өтті. Қызықты ойындар, аудармасыз кино, әртүрлі дәрістер, жаңа достар, көңілді тәрбиеші  барлығы  тәрбиеленушілерге үлкен әсер, жаңаша көзқарас сыйлады. Тәрбиеленушілер қолдарына жазғы лагерден өткенін растайтын сертификаттарын алып, жетекшілерімен қимай қоштасты. «Аз уақыт ішінде көп нәрсені үйрендік, бір үйдің баласындай болып кеттік, жетекшімізге бауыр басып қалдық. Бұл, ең керемет әрі тиімді өткен жазғы демалыс болды» дейді лагер қатысушылары.