«Хан батыр Қабанбай» ғылыми-танымдық конференциясы өтті

Пресс-служба     21 Dec,2019        

Шәкәрім университетінде «Хан батыр Қабанбай» ғылыми-танымдық конференциясы өтті.

Қаракерей Қабанбай ерлігін жастарға түсіндіру, Қабанбай тұлғасы туралы  ауызша және жазбаша деректерді жеткізу мақсатында ұйымдастырылған шараға Қазақстанға еңбегі сіңген қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Құсман Шалабаев арнайы қатысты.

Шәкәрім университеті, Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстан самбо федерациясының бірлесе ұйымдастырған конференциясы қатысушыларға рухани тағылым беріп, тарихтан сыр шертті. Құнды дерек беретін баяндамалар оқылып, ақындар арнау арнап, рухты әндер шырқалды.

Конференцияға арнайы қатысқан Қабанбайтанушы Марат Иманбердиннің баяндамасы әр қатысушыға жігер беріп, мақтаныш сезімін орнатты.

Жиын барысында айтылған батырдың аңыз ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі болып, жастардың отансүйгіштік қасиетін, еліне деген құрметін арттыратыны сөзсіз!

Сондай-ақ, Қабанбай ерлігінің насихатталуына еңбек сіңіріп жүрген қоғам қайраткері Құсман Шалабаевқа университеттің ең жоғары мәртебесі «Шәкәрім» медалі табысталды.

Сонымен қатар университет ректоры Мейір Ескендіров «Қазақ тілі», «Самбо күресінің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және «Елім деп соғар жүрегім» арнайы белгішесімен марапатталды.

Әр тұлғаны бірлікке, егемендігімізді құрметтеуге шақырған бұл жиын өз миссиясын жоғары деңгейде орындады.