Химия пәнінен аймақтық олимпиада өтті

Пресс-служба     19 Nov,2019        

Шәкәрім университетінде Профессор М.Ғ.Яшкарова атындағы оқушылардың химия пәнінен аймақтық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға облысымыздың алыс, жақын аудандарынан және қала мектептерінен 102 оқушы қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша 11 сыныптар арасында жүлделі 1 орын “Университет грантын” Үржар ауданы, Б.Майлин атындағы ОМ оқушысы Сейтқан Балғын жеңіп алды. 10 сыныптар арасында жүлделі 1 орын 42 ОМ оқушысы Кадырбекова Дильназға бұйырды. 9 сыныптар арасында 1 орынды Шүлбі ОМ оқушысы Абрешова Адия иеленді.
9,10,11 сынып оқушылары арасында өткен олимпиада оқушылардың сүйікті пәніне деген ынтасын арттырса, түлектерге университет грантын ұтып алуға мүмкіндік сыйлайды. Олимпиадаға белсене қатысқан оқушылар арсында болашақта Шәкәрім университетінің студенті атансам деп ниет білдіргендері де болды.