“ХХІ ғасыр көшбасшысы” интеллектуалды ойын

Пресс-служба     19 Oct,2019        
Шәкәрім университетінде “ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ – АШЫҚ АЛАҢ” жоғары оқу орнының 85-жылдығын тойлау аясында”ХХІ ғасыр көшбасшысы” интеллектуалды ойыны өткізілді.
Сайысқа Семей қаласының жоғарғы оқу орындарының ақпараттық технологиялар саласындағы оқытушылары қатысты.
Зияткерлік ойынның мақсаты:
– Электрондық оқытуды қолдану тәжірибесін ұсыну арқылы оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану бойынша ПОҚ-ның қолда бар құзыретін тереңдету.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды:
1) қатысушылардың өзін-өзі таныстыру
2) конкурсқа қатысушылардың қазіргі заманғы технологияларды (MOODLE, Bandicam және т.б.) пайдалану арқылы таныстыру. Бейнероликтің ұзақтығы 5 минуттан аспайды. (үй.тапсырма)
3) ” Бәйге»
3) “Полиглот»
4) “Көкпар»
Сайыс қорытындысы бойынша:
Шәкәрім университетінің физика – информатика ғылымдарының оқу кафедрасының аға оқытушысы Умирбаева Сания Тусуповна қатысушылар арасында көшбасшы болып 1 – ші дәрежелі дипломмен және арнайы сыйлықппен марапатталды. 2-ші дәрежелі дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталған Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің  аға оқытушысы Алханова Гулнур Алхановна болды. 3-ші дәрежелі дипломмен, бағалы сайақымен Шәкәрім университетінің физика – информатика ғылымдарының оқу кафедрасының оқытушысы Жекебаева Гулим Калдығалиқызы болды.