Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Пресс-служба     09 Dec,2019        

Шәкәрім университеті кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құқық мамандығының студенттері тәжірибе алмасып, тағылымдамадан өту мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті арасында келісім шарт жасалды.

Келісім шарт жүргізуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша полиция департаменті басшысының орынбасары Закимов Елдос Даулетқазиұлы арнайы келіп, студенттермен жүздесті.

Бұл, студенттер үшін таптырмас мүмкіндік. «Мұндай тәжірибе алмасулар біздің келешекте білікті маман болып шығуымызға үлкен септігін тигізеді. Себебі, теорияны тәжірибе арқылы көріп, тергеу жұмыстарына қатысу мамандығымызға деген қызығушылықты одан әрі арттырары анық. Осындай мүмкіндік сыйлап жатқандарыңызға рахмет» дейді кафедра  студенттері.