Жайдарман ойындарының маусымашары өтті

Пресс-служба     14 Oct,2019        

Шәкәрім университетінде «Shakarim ligasy»  жайдарман ойындарының маусымашары өтті. Төртінші жыл қатарынан дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан  сайысқа биыл барлық факультеттер мен жатақханалардан 11 команда қатысты. Олар:

  • Gold – Инженерлік технологиялық факультет
  • Филология арулары – Қазақ Филологиясы факультеті
  • Лабиринт – №2 жатақхана
  • Доминант – Жаратылыстану-математика факультеті
  • Оригинал – №3,№4 жатақхана
  • KZ микс – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
  • Балмұздақтар – Гуманитарлық факультет
  • Плагиат – Аграрлық факультет
  • Медиа – Қазақ Филологиясы факультеті
  • Шоқпар – №1 жатақхана
  • Интрига – Өнер және спорт факультеті

Өнерлерін ортаға салып, әзілдерімен көрермен көңілінен шыққан №3,№4 жатақхана арулары «Оригинал» жайдарман тобы қарсыластарын шаң қаптырып, кубокты қолдарына алды.

Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациясын «Шоқпар» жайдарман тобының  ойыншысы Ғалымов Абылай  иеленді.

Айта кетейік «Shakarim ligasy» 1 ойыны қараша айында басталмақ.