Жалпықазақстандық ашық диктант өтті

Пресс-служба     10 Sep,2019        

10 қыркүйек күні Шәкәрім университетінде «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолдану арқылы жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Тақырыбы «2019 жыл – Жастар жылы» деп аталды. Азаматтардың жаңа қазақ әліпбиімен сауатты жазуға үйрету мақсатында ұйымдастырылған диктантқа университеттің 100 ден аса студенті қатысты. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына арналған жалпықазақстандық ашық диктант нәтижесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, қоғамдағы маңызын арттырамыз»дейді ұйымдастырушылар.