Жаңа жоба іске аспақ

Пресс-служба     05 Dec,2019        

Шәкәрім университетінде Германия тәжірибесінің дуалды оқыту саласындағы мехатроника, логистика және қайта жаңартылатын қуат трансфері бойынша дәріс өтті.
Семинар барысында Германияның кәсіби дуальды оқытуды ұйымдастырудағы тәжірибесі, Германияның кәсіптік оқу орындарында дуальды оқыту әдістемесі ұсынылды.
Семинар-тренинг Қазақстандағы GeKaVoc – логистика, мехатроника және тұрақты энергия бойынша дуальды тренингтердің трансфері жобасының қолдауымен ұйымдастырылды және Қазақстанда Герман моделіне негізделген білім беру-тренингтік орталықтарын құруға бағытталды.
Айта кетейік, аталған жобаны Германияның білім беру министрлігі қаржыландырады. Ал, грант беруші-Магдебург университеті.