Жануарлар үйіне көмектесті

Пресс-служба     06 May,2019        

4 мамыр күні Аграрлық факультеттің «Ветеринарлық медицина» мамандығының 1 курс студенттері, оқытушылары Зайковская Ольга Николаевна және Абдуллина Эльмира Сайлаубайқызымен қаламыздағы жануарлар баспанасының аумағын тазалауға көмектесіп, өздерімен бірге ала келген азығын берді.

Айта кетейік 3 жыл бұрын еріктілер күшімен құрылған жануарларға арналған “4 лапы +” жалғыз баспанасы “Восточный”кентінде орналасқан. Өз күшімен үйсіз жануарларға көмектесуге тырысатын еріктілердің басым көпшілігі қыздар.

Аграрлық факультет жануарлар үйімен әрі қарай тығыз қарым –қатынас жасауды жоспарлауда. “Себебі бұл студенттердің тәжірибе алмасуына қолайлы” – дейді оқытушылар.