Жас актерлермен шығармашылық  кездесу өтті.

Пресс-служба     23 Sep,2019        

Шәкәрім университетінің студенттері белгілі “Жау жүрек мың бала” кинофильмінің басты рөлін сомдаған актер Асылхан Төлепов және елімізге “Қара шаңырақ”, “Шал” тағы басқа кинотуындылар арқылы танымал болған Гүлбахрам Байбосыновамен кездесті.

Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлері қаламызға Қазақстанның халық әртісі, кино және театр сахнасының алыбы Әмина Өмірзақованың  100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVII республикалық фестивалінде өнер көрсетуге келген.

Кездесуге университетіміздің студенттерімен қатар қаламыздағы басқа да оқу орындарының студенттері қатысты. Жас таланттардың өнеріне қызыққан студенттер олардың шығармашылығымен жақын танысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Театрда да кино әлемінде де жан-жақты қырынан танылып жүрген актерлер түсірілім барысындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті. «Жекесенбідегі кездесу сәтті өтті, осындай қызықты кездесулер көп болса екен дейді» риза болған студенттер.