Жастар клубының отырысы өтті

Пресс-служба     11 Oct,2019        

Шәкәрім университетінің CO-WORKING орталығында университеттің  жастар клубының отырысы өтті. Клуб мүшелері Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің жас ғалымдардың республикалық кеңесін құру туралы шешімін қолдады.
Жастар Қазақстанда және шетелде өткізілетін ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларына, ғылыми тағылымдамаларға, конкурстарға, ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу қажеттілігін талқылады.
Сондай-ақ жиын барысында Білім және ғылым министрлігінің Ғылым мен техника саласындағы конкурстарына қатысудың негізгі ережелерімен танысты.
Ғылым бөлімінің басшысы Жәнібек Есімбеков қатысушыларды қазақстандық ғылымның даму бағыттары мен заманауи басымдықтарымен таныстырып, халықаралық рейтингке кіретін журналдардың тізімін ұсынды.