«Жастар жылындағы жаңа белестер»

Пресс-служба     15 Apr,2019        

13-14 сәуір күндері Шәкәрім университетінде жастар жылы аясында «Жастар жылындағы жаңа белестер» атты республикалық KONGRESS CUP VI дәстүрлі пікір- сайыс турнирі өтті. Турнирге республиканың 6 аймағынан, атап айтсақ: Нұр- Сұлтан, Алматы, Павлодар, Өскемен, Қостанай және Семей қалаларының ЖОО мен колледждерінен жалпы саны 40 команда қатысты. Турнир барысында жастардың ұшқыр ойлары мен креативті идеялары талқыға түсті.

Дәстүрлі “Kongress Cup VI” Республикалық турнирінің нәтижесі төмендегідей:

1 – орын
Нұр-Сұлтан қаласы
Шарипов Алжан
Боранбай Абылай
2- орын
Нұр-Сұлтан қаласы
Шөлібай ӘлиАсқар
Аманжолов Бекарыстан
3- орын
Нұр-Сұлтан қаласы
Теңсізбек Шыңғыс
Нағышбекқызы Аяжан
Жастар финалы
1 – орын
Семей, Салауат
Булегенова Ақнұр
Ахмет Аружан
ЛД форматы бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы
Ең үздік спикер – Дүйсенғалиұлы Ақылжан
Финалист – Теңсізбек Шыңғыс
Ең үздік төреші- Орманбеков Қүаныш

Тартысқа толы 2 күндік додада пікірсайыстан бөлек футбол мен квест сайыстары да өткізілді. Футбол ойыны бойынша Өскемен қаласының құрамасы чемпион атанса, квест сайыстарында Алматылық командалар жүзден жүйрік деп табылды.