Жастарға шабыт берген ойын

Пресс-служба     31 May,2019        

30 мамыр күні Шәкәрім университетінде волейболдан Қазақ ұлттық аграрлық университеті ректоры Тілектес Есполов жүлдесіне турнир өтті. Тәжірибелі ойыншылар қатысқан турнир тартысты өтті.  Ойынға – Қазақ ұлттық аграрлық университеті (КазНАУ, Алматы), Шәкәрім университеті командасы, ВБФ (Волейбол.Баскетбол.Футбол; автобус паркінің базасы) командасы, және БТА (бұрынғы Тұран әлем банк) сынды қаламыздың үздік  командалары  қатысты.  Қазақ ұлттық аграрлық университеті командасының құрметті капитаны Олжас Сүлейменов болса, команданың ойнаушы капитаны Тілектес Есполов болды. «Бұл ойын жастарға шабыт беріп, үлгі көрсеткен спорттық мереке десек қателеспейміз» дейді ойынға қатысушылар . Спортшылар қай жаста болмасын спортпен айналысуға кедергінің жоқ екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, шебер ойыншы екендерін көрсетті.

Тартысты ойын нәтижесінде: 1 орынды қос бірдей капитаны бар Қазақ ұлттық аграрлық университеті иемденсе, 2 орынға  БТА командасы, 3 орынға ВБФ командасы ие болды. Қарсыластарына жол берген Шәкәрім университетінің командасы 4 орынға тұрақтады.