Жатақханалар арасында жарыс өтті

Пресс-служба     19 Dec,2019        

Шәкәрім университетінде жатақханалар арасында волейболдан жарыс өтті.

Университеттің Студенттік парлменті және «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастырумен өткен жарысқа барлық жатақханадан 6 команда қатысты.

Жарыстың мақсаты жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау  болды.

Тартысты өткен турнирде ұлдар арасында:

1-орынды «Найманбаев» жатақханасының командасы,

2-орынды «Ертіс» жатақханасы,

3-орынды №1 жатақхана командасы иеленді.

Қыздар арасында:

1-орынды «Ертіс» жатақанасы,

2-орынды №1 жатақхана,

3-орынды «Найманбаев» жатақханасының командасы иеленді.Құттықтаймыз!