Жеңіске қол жеткізді

Пресс-служба     18 Dec,2019        

Шәкәрім университетінің 1 курс магистранты Тұрсынғазиев Нұрлан Конфедерация кубогында қазақ күресінен жеңімпаз атанды.
Екі күн бойы бокс, грек-рим, таэквандо, қазақ күресі, дзю-до, еркін күрес және каратэ спорт түрлерін біріктірген конфедерация кубогы Алматы қаласында өтті. Қызылжар арландары спорт клубының сапында бақ сынаған студентіміз қарсыластарына дес бермей жеңіске қол жеткізді.
Айта кетейік, осы жарыстың бас төрешісі қызметін дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Болат Акжигитов атқарды. Жеңімпазымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!