«Жоғарғы оқу орындарының академиялық саясатының трансформациясы» атты семинар тренинг өтті

Пресс-служба     28 Jun,2019        

27 маусым күні Шәкәрім университетінде «Жоғарғы оқу орындарының академиялық саясатының трансформациясы» атты семинар тренинг өтті.

Семинардың мақсаты – университеттің академиялық саясатын тиімді жүзеге асыру үшін профессорлық оқытушылар құрамының кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту болды.

Семинар барысында:

Автономия жағдайында жоғарғы оқу орнында білім беру бағдарламаларының жаңартылған мазмұны.

Қазақстан республикасының жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламаларын құрастыру тәжірибесіне шолу. Ұсыныстар.

Назарбаев Университеті мысалында оқу нәтижелерін құрастыру.

Жобалық бағытталған оқыту және кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру.

Белсенді оқыту формалары арқылы эффективті оқыту тақырыптары қарасытырылды.

Семинар тренинг 1 шілде мен 10 шілде аралығында Шәкәрім университетінің факультет декандары мен кафедра меңгерушілеріне арналған он күндік «Трансформациялық менеджмент» атты жазғы мектебі ретінде жалғасын таппақ.