“Жұбановтан Абайға” ғылыми-танымдық экспедициясы Шәкәрім университетінде

Пресс-служба     04 Jun,2019        

4 мамыр күні Шәкәрім университетіне «Жұбановтан Абайға» атты ғылыми-танымдық экспедиция  аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғалымдары келді.

Экспедиция Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында атап көрсетілген «Киелі жерлер географиясы» бағдарламасы негізінде  «Ақтөбе – Нұр-Сұлтан – Павлодар – Семей –Жидебай – Қарқаралы – Қарағанды – Баянауыл – Екібастұз – Нұр-Сұлтан – Ақтөбе» маршруты бойынша жүріп өтпек.

Экспедицияның негізгі мақсаты – Абайдың рухани әлемімен танысу, мәдени-рухани дамудағы жоғары оқу орындары арасындағы ықпалдастықты арттыру.

Экспедиция құрамында: Пангереев Абат Шамұлы, «Абайтану және ұлттық руханият ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор; Әбенов Дәулет Құсайынұлы, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі; Абилдаева Жаннат Избасарқызы, Маркетинг орталығының директоры; сонымен қатар жас ғалымдар бар.

 

Қ.Жұбанов университетінен келген ғалымдармен кездесу 5 маусым күні сағат 12.00-де Бөкейхан кампусындағы акт залда өтеді.