Жүлделі орындарға ие болды

Пресс-служба     15 Apr,2019        

Шәкәрім университетінің жаратылыстану және математика факультетінің студенттері 11-16 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және білім – 2019» XIV Халықаралық ғылыми конференциясында жүлделі орындарға ие болды. Математика мамандығының студенттері Төлеубай Алтын, Қайрат Назым – 1 орынды иеленсе, 2 орынға Ахметбекова Жұлдыз, Талғатова Ажар тұрақтады. Ал, 3 орынды Манапова Шұғыла қанжығасына байлады. Құттықтаймыз!