«Жұлдыздар осылай қалыптасады» фильмі көрсетілді

Пресс-служба     24 Feb,2020        

Инженерлік-технологиялық факультеттің 1 курс студенттері демалыс күнін тиімді өткізді. Оларға ресейлік режиссер Сергей Сенежкиннің «Жұлдыздар осылай қалыптасады» фильмі көрсетілді.

Фильм Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына арналған “Елбасы жолы” киноэпопеясының бесінші бөлігі болып табылады.

Жаңа кинолентаның сюжеті бойынша Мемлекет басшысы ағылшын тілінде сұхбат береді.

Сұрақ-жауап процесінде Елбасының тәуелсіздікке қол жеткізуінің қиын жолы, өз өмірінің күрделі сәттері баяндалады.

Студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, фильм  мағыналы әрі қабылдауға жеңіл екенін атап өтті.

«Жастар туындыны көріп, өз халқын, өз елін мақтан ете алады. Олар нағыз көшбасшы әрқашан көп жұмыс істейтінін, ең алдымен халық пен елдің әл-ауқатына қамқорлық жасайтынын түсінуі тиіс» дейді ұйымдастырушылар.