«Журналистер додасы» байқауы өтті

Пресс-служба     18 Nov,2019        

Шәкәрім университетінің «COWORKING» орталығында «Журналистика» кафедрасының «Журналистер додасы» байқауы өтті.

Жастардың шығармашылығын арттыру мақсатында өткен байқау екі кезеңнен тұрды.
Жас журналистер бірінші кезеңде өздерін телевидение саласында көрсетсе, екінші «Жаза білесің бе?» кезеңінде ұсынылған тақырыпқа шағын заметка жазды.
Байқауға белсенділік танытып, журналистік шеберлігін әр қырынан көрсете білген 3 курс студенті Ахметбек Аида сайыстың жүлдегері атанды.
Университет түлегі «Орман дауысы шаруашылығы» газетінің тілшісі Советжанов Мұхтар байқаудың өтуіне атсалысып, жүлдегерлерге арнайы сыйлығын тарту етті. Бұл конкурс алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасатын болады дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, мұндай байқаулар сегіз қырлы, бір сырлы маман иелерінің дамуына үлкен септігін тигізеді.