24 april 2025

«Стрессті басқару. Менің оқу ресурстарым» Студенттерге арналған мотивациялық тренинг!

🎓 Психологиялық қолдау қызметі мен Педагогика  кафедрасының аға оқытушысы Нурмухамбетова Қ.М., Тенизбаева М.Е. бірлесе отырып физика-математика ғылымының жоғары мектебі студенттеріне 🌿 “Сенімді қарым- қатынас” тақырыбында тренинг өткізді.

Бұл тренингтің негізгі мақсаты – қатысушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытып, өз ойын ашық әрі сыпайы жеткізуге, пікірін сенімді білдіруге, сонымен қатар басқа адамдармен өзара құрметке негізделген тиімді қарым-қатынас орнатуға үйрету.

Тренинг барысында қатысушылар:

🔹Сенімді (ассертивті) мінез-құлықтың мәнін түсінді

🔹Өзара қарым-қатынастағы пассивті, агрессивті және сенімді стильдердің айырмашылығын ажырата алды

🔹Қарым-қатынаста ішкі кедергілер мен қорқыныштарды жеңуге бағытталған жаттығулар орындады

🔹Даулы жағдайларда өз пікірін білдірудің сыпайы әрі нық жолдарын үйренді

🔹Коммуникативті шеберліктерін іс жүзінде жетілдірді

Бұл тренинг тұлғалық дамуға, кәсіби ортада және күнделікті өмірде сенімді, тең құқылы және нәтижелі қарым-қатынас құруға негіз болды.