🎓 Психологиялық қолдау қызметі мен Педагогика кафедрасының аға оқытушысы Нурмухамбетова Қ.М., Тенизбаева М.Е. бірлесе отырып физика-математика ғылымының жоғары мектебі студенттеріне 🌿 “Сенімді қарым- қатынас” тақырыбында тренинг өткізді.
Бұл тренингтің негізгі мақсаты – қатысушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытып, өз ойын ашық әрі сыпайы жеткізуге, пікірін сенімді білдіруге, сонымен қатар басқа адамдармен өзара құрметке негізделген тиімді қарым-қатынас орнатуға үйрету.
Тренинг барысында қатысушылар:
🔹Сенімді (ассертивті) мінез-құлықтың мәнін түсінді
🔹Өзара қарым-қатынастағы пассивті, агрессивті және сенімді стильдердің айырмашылығын ажырата алды
🔹Қарым-қатынаста ішкі кедергілер мен қорқыныштарды жеңуге бағытталған жаттығулар орындады
🔹Даулы жағдайларда өз пікірін білдірудің сыпайы әрі нық жолдарын үйренді
🔹Коммуникативті шеберліктерін іс жүзінде жетілдірді
Бұл тренинг тұлғалық дамуға, кәсіби ортада және күнделікті өмірде сенімді, тең құқылы және нәтижелі қарым-қатынас құруға негіз болды.