press office of Shakarim University15 november 2024шәкәрім-90

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

15 қараша күні Shakarim University-дің 90 жылдығына арналған іс-шараларадың бірі білім, ғылым және инновация саласындағы өзекті мәселелер мен жетістіктерді талқылап, университеттің ғылыми әлеуетін нығайтуды және халықаралық ынтымақтастықты дамытуды көздеген «Шәкәрім оқулары – 2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болды.  

Конференцияны ашқан  Shakarim University ректоры Думан Орынбеков университеттің тарихы терең іргелі оқу ордасы екендігіне тоқталып, конференцияның  ғылыми және білім беру стратегияларын қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.

Shakarim University академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, PhD Индира Оралқанқызы «Шәкәрім университеті: сапалы білім, саналы ұрпақ, жарқын болашақ» тақырыбындағы баяндамасында сонау оқу орнының 1934 жылдан бері қарайғы тарихына шолу жасап, бүгінгі жетістіктері мен бағдарлы даму бағытындағы жоспарларымен бөлісті.

Цзушу Ян (Zushu Yan) Солтүстік-Батыс университеті Қытай Коммунистік партиясы хатшысының орынбасары (ҚХР, Янлин, «Халықаралық білім саясатының стратегиялық бағыты ретінде университеттер арасындағы ынтымақтастық» жайына тоқталса, Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының Білім беру және білімді тарату басқармасының бас менеджері (Астана) Бақыт Насырханова еліміздегі агроөнеркәсіптік кешен саласына мамандар даярлау және білім беру бағдарламаларын аграрлық сектордың қажеттіліктеріне бейімдеу мәселелерін қозғады. Ал Жапонияның Денки университетінің (Токио) профессоры, техника ғылымдарының докторы, Қытай елінде туып, Жапон елінде білім алған қандасымыз Әлімхан Қилан «Жасанды интеллект және өркениет» тақырыбындағы баяндамасында «Сапалы өнімнің артында ғылым тұрғанын бәріміз білеміз. Технократты дамытпай, біз жетекші ел бола алмаймыз. Ғылым мен технология – бұл елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени өрлеуінің негізгі қозғаушы күші. Бүгінде әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ғылымға, инновацияға және жаңа технологияларға инвестиция салған мемлекеттер ғана тұрақты дамудың көшбасшысы бола алады. Ал, қоғамды дамытатын шәкірт тәрбиелеу – бәрімізге міндет»- деп  білім мен ғылым ел дамуының негізі екендігін атап өтті.

Конференция жұмысы бірнеше ғылыми бағыт бойынша секциялық отырыстарда жалғасты.