09 april 2022

«Ядролық медицина және онкология орталығы» базасындағы БА курсы

Шәкәрім университетінің Кадрлардыңбіліктілігін арттыру және қайта даярлауорталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 04-16 сәуір аралығында «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК базасында Медициналық сызықтық үдеткіште сәулелік терапияның техникалық аспектілері”  тақырыбында 72 сағаттық  біліктілікті арттырукурсы өтуде.   

Курс онлайн және офлайн режимде жүргізіледі

Курс тыңдаушылары Шығыс Қазақстаноблысы Денсаулық сақтау басқармасының“Онкология және хирургия” орталығы ШЖҚ КМК қызметкерлері.  

Курс мақсатысәулелік терапияныңклиникалық-техникалық аспектілерісәулеліктерапияның әртүрлі әдістері мен сәулелену көздерірадиациялық қауіпсіздік туралы білімді кеңейту.

 

Курс спикерлері:

1. Айткалиев Серік Максутканович - «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК медициналық физиктер бөлімінің меңгерушісі, магистр
2. Идинов Медет Толеугалиевич - «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК бас инженері, магистр
3. Айтқалиев Жомарт Қайролұлы - «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК инженер физигі,магистр.

Курстан күтілетін нәтижелер:

алынған дағдыларды өзінің кәсіби қызметісаласында қолдана білу;

аппараттардың сапасына бақылау жүргізу;

иммобилизациялайтын құрылғыларды дұрыспайдалану;

сәулелік терапия әдістері;

- сәулелік терапия жүргізу кезінде жұмыстың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды сақтау т.б.

Курсты толық тыңдаған тыңдаушылар арнайы сертификатқа ие болады.