27 july 2021

Ересек тұрғындарға арналған "Құқықтық сауаттылық негіздері" бойынша "Күміс университеті" курстары өткізілді

«Күміс университеті» жобасы аясында Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының базасында ересек тұрғындарға арналған «Құқықтық сауаттылық негіздері» курстары өткізілді.

Сабақты «Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушысы Қалибеков Кенесары Бауыржанұлы жүргізді.

Оқу кезеңінде тыңдаушылар құқықтың негізгі принциптерімен, нормаларымен және институттарымен, құқықтар мен міндеттерді тиімді пайдалану және қорғау, азаматтық ұстанымды заңды түрде іске асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің мүмкіндіктерімен танысты.
Бұл курстар құқықтық шешімдерді өз бетінше қабылдауға, заңмен реттелген қатынастар саласындағы саналы және жауапты әрекетке қабілеттілік пен дайындықты қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Қайырғазина Толқын: Шәкәрім университетіне ересектерге арналған курстардан өтуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын. Оқытушыға уақытын бөліп және білім бергені үшін рақмет. Курстар өте пайдалы, олар құқықтық жағдайларды шешуде қажет, енді мен өз құқығымды қалай қорғауға болатынын және әр түрлі жағдайларда қашан адвокатқа жүгіну керек екенін білемін.«Күміс университеті» жобасы аясында Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының базасында ересек тұрғындарға арналған «Құқықтық сауаттылық негіздері» курстары өткізілді.