09 қаңтар 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығы негізінде «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ босаған бос білім беру гранттарына конкурс жарияланады.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.
Конкурс бүкіл оқу кезеңінде үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша өткізіледі.
Үлгерімінің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңінде бағалары А, А- ("өте жақсы") білім алушылар ғана басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалар, бұдан әрі – аралас бағалар.
Құжаттар қысқы сессияны тапсырғаннан кейін 2024 жылдың қаңтар айының 10 дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін ақылы негізде оқитын студенттер факультеттің деканатына келесі құжаттарды ұсыну керек:
• Басқарма Төрағасы - Ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (үлгісі деканатта);
• СДО арқылы алынған транскрипт (QR кодпен);
• Жеке куәлігінің көшірмесі.