director

Абдикаримова Тоты Тлеулесовна

Директор

Шәкәрім жоғары колледжі

+7(777)714-90-96
agrotekhkolledzh.gushakarima@mail.ru
Шугаева 159\3

1050
Студенттер
45
Оқытушылар
16
Білім бағдарламалары
 

 Шәкәрім жоғары колледжі туралы қысқаша ақпарат

Шәкәрім жоғары колледжі 2016 жылдың 16 тамызында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен университеттің құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылған.

Білім беру орта және негізгі орта білім негізінде күндізгі оқу формасында жүргізіледі. Оқу процесі білім беру стандарттарына, типтік оқу жоспарлары мен жұмыс жоспарларына сәйкес.

Бүгінде колледж 16 мамандық бойынша мамандар дайындайды. Қазіргі қазақстандық қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары сапалы инновациялық білім беру қызметін университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы жүзеге асырады. Мұғалімдер біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады, арнайы халықаралық және ұлттық курстарда оқиды.

Колледж кабинеттері заманауи техникалық құралдармен жабдықталған: мультимедиялық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар. Оларда оқу -өндірістік шеберханалары, оқу -тәжірибелік алаңдары, оқу фермалары мен оқу полигондары, зертханалары бар.

Колледжде оқу залы бар кітапхана бар. Кітап қоры 58181 оқу, оқу -әдістемелік әдебиеттер, оның ішінде электронды тасымалдаушы кітаптар сайттары да жүктелген.

Колледж  студенттеріне салауатты өмір салтын ұстану үшін дене шынықтыру спорт залы мен басссейн  кешені бар.

Сонымен қатар жатақхана, акт залы, мәжіліс залы мен  арнайы асханамен жабдықталған.Шетел студенттері де жатақханамен қамтамасыз етілген.

МАҚСАТЫ 
Мемлекет пен қоғамның болашақ талаптарына сәйкес техникалық және кәсiптiк бiлiм берудегi еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары бiлiктi , бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру және дамыту.
 
МИССИЯСЫ 
Еңбек нарығында суранысқа ие  орта буын мамандарын даярлау бағдарламалары мен қосымша кәсіби мамандарды сапалы дайындау болып табылады . 

КОЛЛЕДЖДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТАҚЫРЫБЫ 
« Колледждİң оқу - тәрбие үрдiсiнде жас мамандарды заман талаптарына сай   ұйымдастыру »

 
Қабылдау комиссиясы
 
Мамандықтар
 
Тәрбие жұмысы
 
Олимпиада 

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озғанда
2024 жылдың 11 сәуір күні Шәкәрім университетінің 90 жылдық мерекесіне орай Шәкәрім жоғары колледжінде жалпы білім беретін пәндер бойынша 9 сынып оқушылары арасында облыстық олимпиада өтті. Атаулы олимпиадаға Абай облысы бойынша барлығы 30 дан аса мектептерден және «Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі», Ақсаут ауданы, Екпін аулынан «Ы.Кабеков атындағы орта мектебі» үміткерлер қатысты. Салтанатты жиынды Техникалық және кәсіптік, орта білімнен  кейінгі білім беру басқарасының басшысы Жакупбаева Вилена Каримовнаның құттықтау  сөзімен басталды.  
Олимпиаданың бірінші кезеңі бойынша тест тапсырмаларын орындаса, екінші кезеңінде оқушылар шығармашылық жұмыстарды орындап, нәтижесінде олимпиада жүлдегерлері анықталды. 
Облыстық олимпиаданың ең үздік екі жеңімпазына Шәкәрім университетінің ректоры Думан Рымғалиұлы Орынбеков тағайындаған «Шәкәрім білім грантын» берілді. Атаулы грант иегерлерін ректор кеңесшісі Накишев Кенжехан Кәрімұлы жалпы білім беретін №35 мектеп оқушысы Оразғали Ұлпан Жасұланқызы және Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының оқушысы Айбекқызы Еркеназға салтанатты түрде табыстады.
 
 
Қазақ тілі пәні бойынша:
• I-орын Серғазы Салтанат - Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы;
• II-орын Беленко Злата-№28 КММ;
• III-орын Олжабек Олжас - №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі.
Тарих пәні бойынша:
• I-орын ТанатАлижан-№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі;
• II-орын Сәулебек Адильбек Жанибекович-№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
• III-орын  Нурланова Нурай - №1 Н.Г. Чернышевский атындағы мектеп.
Математика пәні бойынша:
• I-орын Бутабаев Ерали Рахатұлы-№10 КММ;
• II-орын Мубараков Нариман-№3 КММ;
• III-орын Лучшев Илья-№1 Н.Г. Чернышевский атындағы мектеп.
Орыс тілі пәні бойынша:
• I-орын Куликенова Малика-№1 Н.Г. Чернышевский атындағы мектеп;
• II-орын  Шамен Дильназ-№7 КММ;
• III-орын  Павлова Ангелина Максимовна-№9 КММ иеленді.
 
Сондай – ақ білім сайысына қатысқан барлық оқушыларға сертификат табысталды.
Оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!