15 сәуір 2022

Құрметті студенттер!!!

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2022 жылдың күзгі семестріне Еуропа, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде шетелде оқу үшін конкурс жарияланады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі бюджет қаражаты есебінен шетелде академиялық ұтқырлыққа конкурс жариялады.

Конкурсқа мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын студенттер қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер құжаттарды 2022 жылғы 15 сәуірге дейін мерзімде ұсынуы тиіс.

Әлемнің жетекші университеттерінде бір семестр бойы тегін білім алудың бірегей мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Сіз өз көкжиегіңізді кеңейте аласыз, басқа халықтардың мәдениетімен таныса аласыз, жаңа халықаралық байланыстар жасай аласыз.

Қажетті құжаттар тізімі:

      1) конкурсқа қатысуға өтініш

      2) ҚР азаматы паспортының көшірмесі;

      3)ағымдағы үлгерімі туралы Транскрипт (Тіркеуші кеңсесінен, ЖОО-ның мөрімен);

      4) ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL). Аталған сертификаттар болмаған жағдайда университетте тілдік емтихан өткізіледі;

      5) үміткердің ата-анасының, қорғаншыларының, заңды өкілдерінің жазбаша келісімі;

      6) мамандануы бойынша грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың (олар болған жағдайда) көшірмелері;;

      7) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі (көп балалы отбасылар үшін);

      8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін);

      9) студенттің мүгедектігін растайтын құжат (бар болса).

Барлық құжаттарды баспа және электронды нұсқада Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына тапсыру қажет (4 қабат).

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз Халықаралық ынтымақтастық орталығына мына мекен-жай бойынша хабарласа аласыз: Глинка 20а, 1 қабат, каб. 105

Тел.+7 775 432 34 09

https://shakarim.edu.kz/pages/mezhdunarodnoye-sotrudnichestvo/vneshnaya-akademicheskaya-mobilnost