2021-2022 оқу жылына ҚР жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде білім алу
Құрметті үміткерлер,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі шетелдіктерді, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды біздің елдің ЖОО-ның дайындық бөлімдерінде және Қазақстан Республикасының азаматтарын тілдік курстарда білім алуға шақырады.
Грант саны:Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты үшін - 1300
тілдік курстар үшін - 200
шетел азаматтары үшін - 50
Түркия Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары үшін – 200
Коронавирус пандемияcына байланысты дайындық бөлімдеріне түсу үшін құжаттар онлайн режимінде ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының веб-сайты арқылы қабылданады.Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде https://enic-kazakhstan.edu.kz/ru/priem-dokumentov... сайтында 2021 жылдың «20» тамызынан «05» қыркүйегіне дейін тапсыра аладыҚажетті құжаттар:
еркін түрде жазылған, гранттың санатын көрсетілген қабылдау туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
жалпы орта (орта жалпы), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (ортадан кейінгі) білім туралы құжаттың түпнұсқасы мен оған қосымшаның көшірмесі (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде);
086-У формасындағы электрондық форматтағы медициналық анықтама (бар болған жағдайда).
Қажетті ақпаратты https://enic-kazakhstan.edu.kz сайтында табуға болады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және электронды пошта арқылы хабарласуға болады:
Тел.: +7 (7172) 28 75 26
E-mail: admission@n-k.kz
- Соңғы хабарландырулар
-
«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫ
26-09-2024
-
Табысты тұлғалардың Шәкәрім университетіндегі дәрісі
25-09-2024
-
Бейбіт атомның артықшылықтары
25-09-2024
-
Табысты тұлғалардың Шәкәрім университетіндегі дәрісінде Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы.
25-09-2024
-
Салыстырмалы педагогика: өзектілігі және мәселелері дәрісі
24-09-2024
-
«ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПЕДАГОГТАРЫ АРАСЫНДА ҒЫЛЫМДАҒЫ ЖӘНЕ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ КОЛЛОБАРАЦИЯНЫ ОРНАТУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРУ» Халықаралық конференциясы
24-09-2024