05 желтоқсан 2022
Кешенді тестілеу тапсырып, шекті балл жинаған магистратураға түсушілердің назарына!
2022 жылғы 6-12 желтоқсан аралығында магистратураға БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА қатысу үшін өтініштер қабылданады.
Грант конкурсына құжаттарды қабылдау жоо-лардың қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуалды комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Яғни Сіздер құжаттарды дәстүрлі және онлайн форматта тапсыра аласыздар.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды:
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
- КТ сертификаты;
- 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (оқуға түскен жағдайда ғана жоо-ға ұсынылады);
- шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған кезде) тапсыру қажет.
Құжаттарды тапсыру кезінде түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш ЖОО-ны көрсетеді.
Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 15-25 желтоқсан аралығында өтеді. Сәттілік тілейміз!
- Соңғы хабарландырулар
-
ПОЭЗИЯ&NARTOLOGY IN EVERYWHERE
09-01-2025
-
«ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ МЕТАМОРФОЗА» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС
07-01-2025
-
БОС БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ
05-01-2025
-
SHAKARIM UNIVERSITY РЕКТОРЫНЫҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ
24-12-2024
-
ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН КУРСТАР
18-12-2024
-
«Shakarim Start-up 2024» стартап-жобалар байқауы
25-11-2024