Мақсат 8. Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу

Бүгінгі таңда жұмысқа орналасу деңгейі жоғары оқу орындары тиімділігінің көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Түлектердің еңбек нарығындағы кәсіби бағдары мен бәсекеге қабілеттілігі бірқатар дәйекті іс-шараларды өткізу арқылы қамтамасыз етіледі, мысалы, оқу жылы ішінде өткізілетін іс-шаралар төменде келтірілген:

- дөңгелек үстел «ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуын бағалаудың жаңа критерийлері. Табысқа жету үшін
серіктестік іздеу»;

- soft skils дамыту, мансапты жоспарлау, өзін-өзі дамыту және уақытты басқару бойынша тренингтер;

- білім алушыларды кейіннен жұмысқа орналастыру мақсатында дуальды оқытуды ұйымдастыру;

- қонақ дәрістері (спикерлер – табысты адамдар https://shakarim.edu.kz/news/tabysty-tulghalardyng..., дарынды жастар, бизнестің негізін қалаушылар, «Болашақ» бағдарламасының түлектері және т. б.);

- «Біз таңдаймыз, бізді таңдайды» атты университет базасында компаниялардың, фирмалардың, өңір ұйымдарының тұсаукесері;

- студенттерге түйіндеме жасауға және оны университет сайтында орналастыруға көмек көрсету (https://shakarim.edu.kz/kz/pages/index?pathway=vyp...);

- түлектердің ЖАО өкілдерімен және университет заңгерімен мемлекеттік білім беру грантының иегерлеріне қатысты міндетті 3 жылдық пысықтау, ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарындағы азаматтарға арналған квота, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасы шеңберінде студенттерді оқытуға квота бойынша кездесуі.

Барлық кездесулер мен өткізілген іс-шаралардың негізгі мақсаты жұмысқа орналасу мәселесін шешуге мүдделілік, ынтымақтастыққа дайындық және жас мамандарға қолдау көрсету болып табылады.

Түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесудегі ең маңыздысы – жыл сайынғы Бос орындар жәрмеңкесі. Бос орындар жәрмеңкесіне Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай облыстары кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің 150-ден астам өкілі қатысады. Университет түлектеріне бастапқы позициялардан бастап басшылық лауазымдарға дейін әртүрлі міндеттер ұсынылады (https://shakarim.edu.kz/news/bos-oryndar-zharmengk...).

Шәкәрім университетінде қызметкерлер кәсіподағы белсенді жұмыс істейді, жалақының үнемі өсуі байқалады. Жыл сайын ПОҚ және қызметкерлердің бос лауазымдарына байқау өткізіледі.