Мақсат 10. Теңсіздікті қысқарту
Шәкәрім университеті теңдік қағидаттарын ұстанады, осыған байланысты Кемсітушілік пен қудалауға қарсы күрес саясаты, Теңдік пен инклюзивтілік саясаты қабылданды. Университетте инклюзивті білім беру бойынша үйлестіруші жұмыс істейді https://shakarim.edu.kz/pages/obrazovaniye/koordin...) және инклюзивті білім беруді іске асыру бойынша жол картасы әзірленді (https://shakarim.edu.kz/pages/document?file=docume...).
Университет қызметкерлеріне еңбекақы төлеудегі гендерлік алшақтық туралы есеп жарияланады (https://semgu.kz/en/pages/index?pathway=universite...). Университетті дамыту бағдарламасының негізгі индикаторлары ретінде әртүрлі деңгейдегі университетті басқару жүйесіндегі әйелдер үлесінің көрсеткіштері енгізілген.
Визалық қолдауды жүзеге асыратын және жаңа ортаға бейімделуге көмектесетін Халықаралық ынтымақтастық орталығы шетелдік студенттерге жетекшілік етеді. Осы мақсатта қазақ тілін оқытудың тегін курстары ұйымдастырылады.
Университетте оқу ақысына жеңілдіктер жүйесі, жетім балаларға Студенттер үйлерінде тегін тұру мүмкіндігі бар, бұл теңдік қағидатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.