Мақсат 11. Тұрақты қалалар мен елді мекендер
Шәкәрім университеті Абай облысының әлеуметтік HUB ретінде университет аумағын халық үшін саябақ аймағы ретінде ұсынады. Сонымен қатар, кампустың Art нысандары үнемі жақсартылып және жетілдіріліп отырады.
Шәкәрім университетінде мұражай жұмыс істейді (https://museum.shakarim.kz/), онда еліміздің ең көне жоғары оқу орындарының бірінің тарихы ғана емес, сонымен қатар қазақ мәдениетінің зергерлік бұйымдары мен басқа да құнды жәдігерлері ұсынылған.
Университеттің білім алушылары мен ПОҚ облыс тұрғындары үшін көпшілік алдындағы қойылымдардың (концерттер, хор, оркестр, театр қойылымдары) тұрақты қатысушылары болып табылады.
Студенттер үйіне орналасуға студенттердің берген барлық өтінімдері толық көлемде қанағаттандырылады. Университет қызметкерлерінің қызметтік тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар.