Мақсат 3. Денсаулық пен амандық

Ұлт денсаулығы қоғамның үйлесімді дамуының кепілі екенін түсінген Шәкәрім университеті ел болашағына өз үлесі қосуда. ТДМ 3 іске асыру шеңберінде мынадай іс-шаралар орындалады:

1. «Дене шынықтыру» пәні түрлі спорт секциялары (футбол, волейбол, баскетбол, фитнес, шахмат, тағызқұмалақ,
үстел теннисі және т. б.) түрінде өткізіледі;

2. Университет спорттық марафондарды өткізудің демеушісі (https://www.instagram.com/p/C-hZOvsuaKB/?locale=ru https://www.instagram.com/p/C-e62bXuetK/?locale=ru);

3. Университет білім алушылары мен қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиадалар;

4. Семей қаласының білім алушылары, қызметкерлері және тұрғындары үшін университеттің спорттық инфрақұрылымының (жаттығу залдары, спорт алаңдары) қолжетімділігі;

5. Психологиялық қолдау қызметінің жұмыс істеуі;

6. Өңір халқының тыныс-тіршілігінің сапалық деңгейіне әсер ететін экологиялық, тұтынушылық факторларды жақсарту мақсатында бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының ядролық сынақтарының адам денсаулығына әсерін төмендету бойынша кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу;

7. Өңір халқының тыныс-тіршілігінің сапалық деңгейіне әсер ететін экологиялық, тұтынушылық факторларды жақсарту мақсатында бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының ядролық сынақтарының адам денсаулығына әсерін төмендету бойынша кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу;

8. ҚР Ұлттық ядролық орталығымен, Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығымен ғылыми зерттеулер саласындағы әріптестік;

9. Дене шынықтыру, Психология, Ветеринария және т. б. білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлау.